Бұл өзгеріс әскер қатарын әлсіретпеуі тиіс, деді ол армия қолбасшыларымен кездесуі кезінде сөйлеген сөзінде. Владимир Путин сондай-ақ келер жылғы қорғаныс саласына жұмсалатын қаржының 50 пайызға көтерілетіндігін айтты. Қорғаныс министрлігінің 2005-ші жылға арналған бюджет жобасы 18 миллиард долларды құраған еді.