Accessibility links

Солтүстік Осетияның Жоғарғы соты кеше Беслан трагедиясына байланысты тірі қалған жалғыз күдіктінің сотында қосымша бес куәгердің жауаптарын тыңдауға келісті


Владикавказ. Айыптаушылар Нурпаши Кулаевтың сотында алғашқыда 69 куәнің айтқандарын тыңдамақшы болған еді. "Беслан аналары" тобының сот ісін жүргізушілер жан-жақты дәлелді жауаптар беретін куәлерді қоспай отыр деген арызынан кейін сот осындай шешім қабылдады. "Беслан аналары" Беслан оқиғасында көп адамның құрбан болуы - Федералдық қауіпсіздік жауынгерлерінің шабуылының әсерінен болды деген болжам-көзқарасты жоққа шығару үшін айыптаушылар осындай қадамдарға барып отыр деп есептейді. 2004 жылы қыркүйекте Беслан мектебіндегі қырғында 330-дан астам адам опат болса, олардың жартысынан көбі оқушы балалар еді.
XS
SM
MD
LG