Accessibility links

Иордания королі Абдулла теледидардан сөйлеген сөзінде ел астанасында 56 адамды опат еткен жарылыстарды ұйымдастырғандар жазаға тартылып, жауап беретін болады деп уәде етті


Амман. Аммандағы жоғары дәрежелі қызмет көрсететін Гранд Хайат, Радиссон САС және Дэйс Инн мейманханаларында жарылыстар бір мезгілде жүзеге асырылған болатын. Құрбан болғандардың көпшілігі иорданиялықтар, олардың ішінде үйлену тойының қонақтары да болған. Қаза тапқандардың 12-сі шетелдіктер. Жарылыстар жауапкершілігі Абу Мұсаб әл-Зарқауи басқаратын әл-Қаиданың бір қанатына жүктеліп отыр, олар Иорданияның АҚШ пен Израилмен ынтымақтастығын айыптайды. Бейсенбі күні БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Аммандағы жарылыстарды қатты айыптады.
XS
SM
MD
LG