Accessibility links

Франция полициясы тәртіпсіздіктер мен қақтығыстардың алдын алу мақсатында алдағы екі күн бойына ел астанасында көпшілік митингілердің өткізілуіне тиым салды


Париж. Полицияның айтуынша, мұндай шешім алдағы күндері Парижде болатын шабуылдар турасында интернетте жарық көріп, қол телефондары арқылы түскен кейбір дабылды хабарларға байланысты қабылданған. Ал Париж маңайындағы елді мекендерде көліктерді өртеу мен басқа да бей-берекетсіздіктер жұманың түнінде де жалғасты. Тулуза мен Лион қалалардында, Париж облысында кемінде 70-ке тарта автокөліктерге от қойылған, 16 түн ішінде барлығы 300-ден астам көлік өртеліп жіберілген. Полиция сәрсенбіде төтенше жағдай енгізілгеннен бері жастардың бүліктері бәсеңдеп, азайғандай болды дейді.
XS
SM
MD
LG