Accessibility links

Ж.Ширак (Франция): “...қазіргі қалыптасқан ахуал қоғамның “айтарлықтай дертке” ұшырағанын аңғартады”


ПАРИЖ. Бүгін Франция парламенті елдегі төтенше жағдайды 3 айға ұзарту туралы заң жобасын талқылайды. Ұлттық телеарнадан сөйлеген сөзінде президент Ж.Ширак Франциядағы қазіргі қалыптасқан ахуал қоғамның “айтарлықтай дертке” ұшырап, ұлттық сана-сезімнің дағдарысқа тап болғанын аңғартады деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, елдегі әділеттік сақталады, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғандар жаза тартылады. Үкімет, деп мәлімдеді Ж.Ширак, жастардың жұмысқа орналасуына көмек беретін еріктілер ұйымын құруды көздейді. Франциядағы жаппай толқу Париж қаласының негізінен Африка мен арба елдерінен шыққандар тұратын кедей аудандарында 27-нші қазан күні басталып, бүкіл елге етек жайды.
XS
SM
MD
LG