Тунис астанасы Тунисте бүгін Ақпараттандыру қоғамының дүниежүзілік саммиті басталып жатыр. БҰҰ-ның қамқорлығындағы саммитке он мыңнан астам өкіл қатыспақ. Олардың арасында елу мемлекеттің басшысы болмақ. Басты мәселенің бірі - кедей елдерге жоғары технологиялардың септігін тигізу мәселесі. Сол сияқты интернет жүйесін басқару жөніндегі келіспеушіліктер ортаға салынбақ. Иран және Бразилия сияқты кейбір даму үстіндегі елдер домейн адрестерді беретін мекемені Америка Құрама Штаттары бақыламасын дейді. Олар бұл мекемеде халықаралық бақылау көбірек болғанын қалайды. АҚШ болса халықаралық басқару тәсілі жаңа технологияларды еңгізуге және инвестицияларды тартуға сергелдең жасайды дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"