Accessibility links

Аудиотаспадан Абу Мұсаб Әл Зарқауидің үні шықты


"Әл Қаида" ұйымының атынан интернетте аудиотаспа жариялап, Иорданияда өткен аптада жасалған қанды бомба шабуылдары мұсылмандарға қарсы бағытталмаған деді. Аудиотаспадағы дауыс "Әл Қаиданың" Ирақтағы басшысы Абу Мұсаб Әл Зарқауидікі деп айтылады. Ел астанасы Амманда қонақүйлерде үш бомба шабуылы жасалып, 59 адам қаза тапқан болатын. "Әл Қаида" ұйымы бұл қонақүйлерді америкалық, израильдік және иорданиялық барлау агенттіктері пайдаланады деп көрсетті. Ал ел астанасы Амманда кеше мыңдаған халық шеру жасап, бомбалық шабуылдарға наразылық танытты.
XS
SM
MD
LG