Accessibility links

Қырғызстанда парламенттік республика құрылмақ


Қырғызстанның оннан аса саяси партиясы жаңа саяси ұйым құрамыз деп мәлімдеді. "Еркіндік" партиясының төрағасы Топчыбек Тұрғынәлиев құрылтай 11 желтоқсанда өтеді, ұйым мақсаты елдің жаңа басқару жүйесін қалау деп жария етті. Ұсыныс бойынша, 2010 жылға дейін Қырғызстанда президенттік пен парламенттік биліктер тең болмақ, бұдан соң елде парламенттік республика жүйесі құрылмақ. Қырғызстанның қазіргі конституциясында биліктің негізгі бөлігі үкімет пен әкімшіліктерге берілген. Жаңа ұйымды құрып отырған партиялар бұрынғы президент Асқар Ақаевтың кезінде оппозицияда болған. Қырғызстанда алпыстан аса партия мен саяси ұйым тіркелген.
XS
SM
MD
LG