Accessibility links

Ирақ жетекшілері бүгін мұнда елдегі қайта құру мен тұрақтылықтың баяу жүруіне себеп болып отырған келіспеушіліктер тұрғысында мәмлелесулер келіссөзіне жиналды


Каир. Сунниттер мен шииттер және күрд жетекшілері Мысыр астанасында орналасқан Араб елдері лигасының қолдауымен бас қосты. Үш күнге жалғасатын келіссөзде 2006 жылдың басында болатын Ирақ конференциясына дайындық мәселелері жан-жақты сөз болады. Ирақ премьер-министрі Ибрахим әл-Жафари сунниттер мен шииттер, күрдтер қауымдастықтары жетекшілерінің бірлескен келіссөз өткізуінің өзі Ирақтағы саяси процестің бір бөлігі болып табылады деді. Ирақ президенті, күрд Жалал Талабани келіссөздің ашылуына қатысып, сөз сөйледі. Дегенмен де, келіссөзге келгендердің қатарында Ирақтың басты шиит партиясының жетекшісі Абдел Азиз әл-Хаким мен шииттердің радикалды көсемі Мохтада ас-Садр көрінбейді.
XS
SM
MD
LG