Accessibility links

Халықаралық донорлар Пәкістанда жер сілкінісі зардаптарын жоюға қосымша тағы да 3 миллиард доллар қаржы бөлуге келісті


Исламабад. Әлемнің 50-ден астам елдерінің өкілдері бүгін Исламабадта бас қосты. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан конференцияда халықаралық донорларды өткен айда Пәкістандағы жер сілкінісі зардаптарын бастан кешкен мыңдаған адамға көмек шараларын мәрттікпен жалғастыра беруге шақырды. Ең соңғы деректерге қарағанда, донорлардың барлық көмек қаржысының көлемі 5 миллиард доллардан асқан. Пәкістан президенті Первез Мүшарраф өз халқын зардап салдарларын жоюға көмектесетін көмектің қандай түрінен де бас тартпауға шақырды.

Әлемдік банк пен Азия даму банкі бірге Пәкістанға 2 миллиард доллар бөлетін болды. Ислам даму банкі мен АҚШ-тың әрқайсысы 500 миллион доллар көмек береміз деді. Сондай-ақ, бүгін Кашимрдің Үндістан жағынан 50-дей адам зілзаладан аман қалған туыстарын іздестіру үшін Пәкістан шекарасы арқылы өткен. Бұл соңғы 58 жылдың ішінде Кашмирдің Үндістан жағындағылардың Пәкістан шекарасынан бірінші рет ресми түрде өтуі, мұның өзі тарихи оқиға деп бағаланды. 8-қазанда Пәкістанда болған жер сілкінісінде 73 мың адам құрбан болып, миллиондаған тұрғын баспанасыз қалған болатын.
XS
SM
MD
LG