Accessibility links

Украина халқы “қызғылт-сары төңкерісін” жыл сайын “Бостандық күні” ретінде тойлайды


КИЕВ. Бүгін Украина өткен жылғы президент сайлауының нәтижесін бұрмалауға қарсы 2 айдай жалғасқан жаппай наразылық шеруі – “қызғылт-сары төңкерістің” 1 жылдығын тойлау үстінде. Кеше Украина президенті В.Ющенко жыл сайын 22-нші қараша күні “Бостандық күнін” тойлау туралы жарлыққа қол қойды. Украина ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенген Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, мерекелік салтанатқа 750 мыңнан астам халық қатыспақшы. Кеше президент В.Ющенко келесі жылғы парламент сайлауында жеңіп шығу үшін экономикалық және дипломатиялық жетістіктерге арқа сүйейтінін мәлімдеді. Рейтер агенттігіне берген сұхбатында ол: “Біз сайлауда жеңіске жетуіміз керек. Өткен жылғы жеңістен кейін парламент сайлауындағы жеңіс демократияның екінші жеңісі болмақшы. Өткен жылғы жеңістен кейінгі келесі мақсат – парламентте жеңіске жету...” деп атап көрсетті. Киевке В.Ющенконың жақтастарына қоса, сайлауда оның бақталасы болған В.Януковичтің де үзеңгілестері жиналып жатыр. Украинаның В.Януковичті қолдайтын шығысында наразылық шеруі өтуге тиіс.
XS
SM
MD
LG