КИЕВ. Бүгін Киевтің “Тәуелсіздік алаңында” Украина халқы өткен жылғы президент сайлауының нәтижесін бұрмалауға қарсы 2 айдай жалғасқан жаппай наразылық шеруі – “қызғылт-сары төңкерістің” 1 жылдығын тойлайды. Кеше Украина президенті В.Ющенко жыл сайын 22-нші қараша күні “Бостандық күнін” тойлау туралы жарлыққа қол қойды. Кеше “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында В.Ющенко келесі жылғы парламент сайлауында жеңіп шығу үшін экономикалық және дипломатиялық жетістіктерге арқа сүйейтінін және парламентте басым орынды алу үшін қазір одақтастарымен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді: “Біз сайлауда жеңіске жетуіміз керек. Өткен жылғы жеңістен кейін парламент сайлауындағы жеңіс демократияның екінші жеңісі болмақшы. Өткен жылғы жеңістен кейінгі келесі мақсат – парламентте жеңіске жету...” деп атап көрсетті Украина президенті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Париж жаңғырығы
Паралимпиада жүлдегерлері қоғам назарынан тыс қалды ма?
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
Көкейкесті мәселе
АЭС референдумы: халықтың экологиялық құқығы сақталып жатыр ма?
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?