Accessibility links

Германияның алғашқы канцлер әйелі ант қабылдады


Ангела Меркелді сейсенбі күні таңертең Бундестаг ресми түрде сайлаған болатын. Содан кейін ғана ол ант қабылдады.

“Өзімнің бар күш-қуатымды Германия халқының гүлденуіне, олардың құндылықтарын арттыруға, олардан жамандықты алыстатуға және конституцияны басшылыққа алып, оны қорғауға ант етемін. Өз міндеттерімді аянбай атқарып, әрбір адамға қатысты әділетті болуға тырысамын. Құдай мені қолдасын”, - деді Меркел ханым.

Осыдан екі ай бұрын жалпыхалықтық сайлаулар қорытындысы бойынша оның консервативтік партиясы бұдан бұрынғы канцлер Герхард Шредердің Социал-Демократиялық партиясымен коалициялық өкімет түзуі керек болатын. Меркел ханым- екінші дүние жүзлік соғыстан кейінгі сегізінші канцлер.
XS
SM
MD
LG