Accessibility links

Қазақстан Парламентінің сенаты бүгін Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара келісімін бірауыздан мақұлдады


Астана. Бұл келісімге қаңтар айында екі елдің президенттері қол қойған болатын. Енді келісім президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоюымен заң түрінде бекітіледі. Ресей парламентінің жоғарғы палатасы аталған келісімді бүгін талқыға салатын болады. Екі ел парламенттерінің төменгі палаталары бұл конвенцияны өткен аптада мақұлдаған. Келісімде Қазақстан мен Ресей арасындағы 7500 шақырымға созылған шекара бойындағы делимитация шараларын қамтиды.
XS
SM
MD
LG