Accessibility links

Ирақта түрлі қақтығыс пен қастандықтан 30-дай тұрғын мен 2 АҚШ жауынгері көз жұмды


БАҒДАД. Бүгін Бағдадтың оңтүстігіндегі аурухананың сыртында бомба орнатылған автокөліктің жарылысынан кем дегенде 30 адам қаза болды. Бағдадтан 20 шақырым қашықтықтағы Махмудия елді-мекенінде болған бұл жарылыстан тағы кемінде 34 кісі жараланды. Ирақтағы АҚШ әскерінің хабарлауынша, Бағдадтың оңтүстігінде кеше болған соғыс операциясы барысында кемінде тағы 2 АҚШ жауынгері оққа ұшты. Әзірше одан басқа мәлімет жоқ.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG