Accessibility links

Ресейдің үкіметтік емес ұйымдары Думада қабылданған заң өздерін қыспаққа алады деп сескенеді


МӘСКЕУ. Бүгін Ресей президенті В.Путин Мемлекеттік Думада үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру және қадағалау туралы сәрсенбі күні мақұлданған заң жобасының Ресейдегі азаматтық қоғам ұйымдарына бөгет бола алмайтынына Дума фракцияларының лидерлерімен кездесуінде көз жеткізетінін мәлімдеді. Ресей парламентінің төменгі палатасы – Дума кеше Ресейдегі үкіметтік емес ұйымдарға деген мемлекеттік бақылауды күшейтетін заң жобасын мақұлдады. Бұл заң, әсіресе, үкіметтік емес ұйымдардың шетелдерден қаржыландырылып жұмыс атқаруына тыйым салуға мүмкіндік береді. Үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері бұл заң ресми билікке жақпаған құрылымдарға қысым жасауға немесе тіпті жабуға жол ашады деп сескенеді.
XS
SM
MD
LG