Accessibility links

Ресейдің Хабаровск аймағында бүгін төтенше жағдай жарияланды


Оның себебі Қытайдың Соңхуа өзен суымен ағып келген улы заттар Ресейдің Амур өзеніне қосылмақшы. Бір жарым миллион тұрғыны бар Хабаровск қаласының халқы ауыз суды осы Амур өзенінен алып келеді. Ал, Қытайдың Жилин провинциясындағы химиялық зауытында, осы айдың басында орын алған жарылыстан пайда болған бензол Соңхуа өзенін улаған болатын. Ресей мамандарының айтуынша ол улы су ағысы Хабаровскіге келесі бейсенбіге дейін жетуі мүмкін. Қаладағы су көздері үш күнге жабылмақшы.
XS
SM
MD
LG