Accessibility links

Сирия шенеуніктерінен Харири өліміне байланысты жауап алынады


Дамаск. Сирия осы жылдың бас кезінде қастандық құрбаны болған Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Харири өлімінің жай-жапсарын зерттеп жатқан БҰҰ-ның тәуелсіз комиссиясының осы іске байланысты Венада жоғары лауазымды шенеуніктерінен жауап алуына келісім берді. Бұл жөнінде жұма күні Сирия сыртқы істер министрінің орынбасары Валид әл-Муалем Дамаскідегі баспасөз-мәслихатында мәлімдеген. Оның айтуынша, күдіктелген сириялық бес шенеуніктің ішінде президент Башар Асадтың туысы бар көрінеді. Әзірге олардың Венаға келетін мерзімі туралы ешнәрсе айтылмаған.
XS
SM
MD
LG