Accessibility links

Кеше Әзірбайжан астанасында 6-қарашада өткен парламент сайлауының қортындыларына наразылық білдірген оппозиция шеруін полиция күштеп таратты


Баку. Азаттық радиосы тілшілерінің хабарлауынша, 10 адам түрлі жарақат алған, олардың ішінде Әзірбайжанның Либерал партиясы жетекшісінің орынбасары Аваз Темирхан бар. Оппозицияның басты талабы - бұрмаланған сайлау қортындысының жоққа шығарылуы. Бакудегі АҚШ елшілігі шерушілерге себепсіз күш қолданылғанына наразылық танытып, кінәлілер жазалансын деді. Орталық сайлау комиссиясы жіберілген қателер үшін 125 сайлау учаскесіндегі дауыс беру нәтижелерін есепке алған жоқ. Дегенмен де, жақында жарияланған ресми деректер бойынша парламенттегі 125 орынның 58-і президент Илхам Әлиевтің билік партиясына, ал 11 орын оппозиция еншісіне тиген.
XS
SM
MD
LG