Accessibility links

Әндіжан көтерілісіне қатысты деген азаматтардың үстінен үш жабық сот басталды


Адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар Өзбекстан билік орындары Әндіжан көтерілісіне қатысты деген азаматтардың үстінен жабық түрде тағы үш сот бастады деп хабарлады. "Хьюман Райтс Уотч" ұйымы Ташкент өкілінің айтуынша, өткен аптада Ташкент маңындағы Яңгибазар және Тайтепе қалаларында екі сот басталып кетті. Тағы бір сот осыдан екі апта бұрын Яңгиер қаласында ашылды дейді басқа құқыққорғаушы ұйым. Бұлардың алдында Әндіжан көтерілісі бойынша бірінші сот аяқталған болатын, 15 азамат айыпты деп табылып, ұзақ жылдарға түрмеге кесілді. БҰҰ адам құқықтары жайындағы жоғары комиссары Льюс Арбоур Ташкентте өткен бұл сотты әділетсіз деп сипаттаған.
XS
SM
MD
LG