Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мекемесі қыркүйек айында өлтірілген парламент депутаты Байаман Еркінбаевтың ажалы есірткі саудасымен байланысты деп жариялады. Байаман Еркінбаев қыркүйектің 21-де Бишкекте үйінің алдында атып өлтірілген болатын. Тергеудің қортындысы бойынша, Байаман Еркінбаев қазасының алдында мафия басшыларымен кездесіп, жергілікті түрмеге есірткі кіргізу жолдарын талқылаған екен. Арада келіспеушілік болды делінеді. Байаман Еркінбаевты өлтіруді бұйырған деп және оқ атты деп күдіктілетін азаматтар қамауда. Қырғызстанда наурыз айында билік ауысқалы бері парламенттің үш депутаты өлтірілді.