Accessibility links

Ресей саясаткерін әйелі атты деп тағы үкім шықты


Ресей соты осыдан жеті жыл бұрын өлтірілген генерал Лев Рохлинның қазасына әйелі Тамара Рохлина айыпты деген істі қайта қарап, оны төрт жылға шартты түрде кесті. Ресей парламентінің депутаты Лев Рохлин 1998 жылы шілде айында саяжайында өлі күйінде табылған болатын. Генерал Рохлинды әйелі атты деп табылып, Тамара Рохлина осыдан бес жыл бұрын сотталып, сегіз жылға кесілген еді. Алайда Тамара Рохлина айыпты емеспін деп, Жоғары сот істі қайта тергеткізді. Наро-Фоминск соты Тамара Рохлина күйеуін жеккөргені үшін атып өлтірді деп тапты. Рохлина мұнымен келіспей отыр.
XS
SM
MD
LG