Accessibility links

З.Нұрқаділовтің өзін өзі 3 рет “атып” өлгеніне неге ешкім сенбейді?


АЛМАТЫ. 12-нші қараша күні өз үйінде атылған үш оқтан құрбан болған оппозицияның көрнекті өкілі Заманбек Нұрқаділовтің жесірі Мақпал Жүнісованың адвокаты С.Мусин ресми биліктің “ол өзіне өзі қол жұмсап өлді” деген қорытындысымен келіспейді. Ресми биліктің тергеу қорытындысы бойынша, марқұм Заманбек – жүрек тұсынан екі рет оқ атып, мүлт жібергенін түсінген соң, өзінің басынан атып өлген көрінеді. Бірақ адвокат С.Мусинмен бірге марқұмның жесірі М.Жүнісова да З.Нұрқаділовтің өзіне қол жұмсап өлді дегенге сенбейді. Адвокаттың мәлімдеуінше, тергеу барысында табылған деректер бойынша, атылған оқты естіртпес үшін қолданылған жастық – қаружы өзге адамның жұмсағанын нұсқайды.
XS
SM
MD
LG