Америка Құрама Штаттарының Тәжікстандағы елшісі Ричард Хоугланд елдегі шетел қоғамдық ұйымдары Тәжікстан заңына сәйкес істеп жатыр, жала үшін кешірім сұралса жөн деп мәлімдеді. "Жұмхурият" деген тәжік газеті өткен аптада мақала жариялап, АҚШ қамқорлығындағы ұйым Тәжікстан үкіметін сынайды, "қауіпті" батыс құндылықтарын дәріптейді деп жазған болатын. АҚШ елшісі мақаланы "антиамерикалық пропаганда" үлгісі деп қабыладады, мақаланы кім жазғызса да олар АҚШ-Тәжікстан қатынастарына нұқсан келтіргісі келеді деді. АҚШ елшісі мәселе жайында Тәжікстан үкімет өкілдерімен кеше бірнеше рет кездесті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
-
"Ескертусіз қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV