Accessibility links

Бүгін Қазақстанда кезекті президент сайлауы өтіп жатыр


АЛМАТЫ. Сайлауға 5 үміткер түсуде. Қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев сайлау әділ өтеді деп уәде берген болатын, алайда оппозиция алдын-ала сайлауда бұрмалаушылық әрекеттері орын алады деп айтқан-ды. Алматыда өз дауысын берген оппозициялық үміткер Жармахан Туяқбай кейбір аумақтардан бұрмалаушылықтар туралы алғашқы дабылды хабарлар келіп жатыр деді. Ал Астанада өз дауысын берген Назарбаев “бұл жылғы сайлау демократиялық түрде өтіп жатыр” деді. Қазақстандықтар елдің тұрақтылығы үшін дауыс береді деп сенемін деді Назарбаев.

“Қазақстандықтар саяси тұрақтылық пен көп ұлттық халықтың достығы мен ауызбірлігін, елдің осы бағыттағы дамуы мен Қазақстанның әлемдегі ең өркениетті 50 елдің арасында болуын таңдайды деп сенімдімін. Біз елдегі тұрақтылықты сақтаймыз. Экономикамыз одан әрі дамитын болады. Экономикамызбен бірге халықтың әл-ауқаты өседі,” деді президент Назарбаев.

Сайлаудың бастапқы нәтижелері ертең жарияланбақ.
XS
SM
MD
LG