Accessibility links

Палестина лидері Израильдің Нетания қаласындағы жарылысқа наразы болды


РАМАЛЛА. Палестина автономиясының лидері Махмуд Аббас Израильдегі кемінде 4 адам қаза болып, 35-тей кісі жарақат алған бомба жарылысына өзінің наразылығын білдірді. Бұл қастандықты М.Аббас “терроризм шарасы” деп бағалап, қылмыскерлер сотта жауапқа тартылады деп мәлімдеді. Бұл жарылыс Израильдің орталығындағы Нетания қаласының сауда орталығында болды. Израиль полициясының пайымдауынша, жанкешті-лаңкес өзін-өзі кіре-берісте жарғанға ұқсайды. Бұл қастандықты палестиналық Әл-Ақса және Ислам жиһады топтары өз жауапкерлііне алып отыр.
XS
SM
MD
LG