Accessibility links

Бүгін Қытай президенті Ху Дзинтао Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жексенбіде өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады


Екі-елдің қалыптасқан берік қарым-қатынасының жалғаса беретініне сенім артқан ол, 1989 жылдан бері билікте отырған Назарбаевтың тағы жеті жыл мерзімге Қазақстан басшылығына келгеніне құттықтау жолдаған. Назарбаев өткен президенттік сайлауда 91 проценттен жоғары дауыс жинаған болатын. Құрама штаттар мен ЕҚЫҰ бұл жексенбілік сайлауды бұрынғы дауыс берулерден жақсырақ болғанынын, бірақ әлі демократиялық талаптарға жауап бермегенін айтқан.
XS
SM
MD
LG