Accessibility links

Саддам Хұсейн үшінші күні өз сотына келмей қалды


Саддам Хұсейннің соты бүгін қайта жалғасты, сот үшінші күн қатарынан өтіп жатыр. Бірақ Саддам мәжіліске келген жоқ, кеше мәжіліс соңында ол сотқа енді келмеймін, соттың заң күші жоқ деп наразылық танытқан болатын. Саддаммен қатар айыпталған Ирақтың басқы жеті бұрынғы басшысы төреші алдында отыр. Бүгінгі мәжілісте Саддам мен Ирақтың басқа бұрынғы басшылары ұйымдастырды деген зұлмат жайында тағы екі куә сөйлеуге тиіс. Негізгі айып бойынша Саддам мен оның үзеңгілестері 1982 жылы шиит ауылында қырғын жасатқызған, 140 тан астам адамды өлтірткен делінеді. Сотталушылар айыпты деп табылса өлім жазасына кесілулері мүмкін.
XS
SM
MD
LG