Accessibility links

Ресей газының бағасы бойынша Киев пен Мәскеу арасындағы теке-тірес әлі жалғасуда


МӘСКЕУ-КИЕВ. Кеше Ресей мен Украина президенттері В.Путин мен В.Ющенко Украина территориясы арқылы Еуропаға орыс газын тасымалдаудың төңірегіндегі ахуалды талқылады. Телефон арқылы өткен әңгіме барысында В.Ющенко Украинаға сатылатын орыс газының бағасы мен оның Украина арқылы өтетін транзиттің тарифін өсіруге Киевтің дайын екенін мәлімдеді. Оның алдында Ресей премьер-министрі М.Фрадков газ транзиті бойынша келісімге таяу күндері қол қойылуға тиіс деп мәлімеді. Ал одан бұрын “ГазПром” компаниясы Украинаны келіссөзді бұзды деп айыптағандай болды. Ресми Киев орыс газын бұрынғы арзан бағамен сатылуын талап етіп келеді.
XS
SM
MD
LG