Accessibility links

“Мекке Декларациясы” ислам елдеріне терроризмге қарсы күреске шақырады


МЕККЕ. Сауд Арабиясының Мекке қаласында өтіп жатқан Ислам Конференциясы Ұйымына мүше 57 елдің 3-ші төтенше басқосуы кеше ислам елдерін терроризмге қарсы күресуге және төзімділік пен түсіністікке шақыратын қорытынды құжат – “Мекке Декларациясын” қабылдады. Кеше “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында осы Ұйымның өкілі Атта Маннан ол құжатқа: “Коммюникеде қарастырылған саяси проблемалар Ирақтағы, Палестинадағы ахуалды және, әрине, мұсылмандар аз тұратын елдердегі ахуалды қамтыды, оған қоса – Сомали мен Судандағы ахуал да кеңінен талданды. Сонымен қатар, әлбетте, халықаралық терроризм мен исламға деген теріс көзқарас және өркениеттер арасындағы диалогқа арналған баптар бар”, деп түсініктеме берді. Декларация, сондай-ақ, Израильді 1967-нші жылы отарлап алған Палестина жерінен және Сирия мен Ливан территорияларын босатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG