Accessibility links

Қытайдың Доңжоу ауылында полиция қырғын жасаған көрінеді


Қытайдың Гуаңжу провинциясы Доңжоу ауылын полиция қоршап, барлық жолды жауып тастады. Доңжоу ауылында жер дауы шығып, апта басында жүздеген адам бейбіт демонстрация өткізген соң полиция оларға оқ атып, бірнеше адамды өлтірген болатын. Ауыл тұрғындары үкімет электрстанция саламыз деп жерімізді кәмпескелеп жатыр дейді. Апта басындағы қақтығыста полиция 20 шақты ауыл тұрғынын өлтірді делінеді. Қытай полициясы бейбіт ереуілшілерді өлтірді деген мәлімет тәуелсіз бұлақтардан дәйектелген жоқ. Қытай әскері 1989 жылы Қытай астанасы Таңанмың алаңында жаппай қырғын жасаған болатын. Доңжоу ауылындағы қырғын расталса – бұл бүгінгі Қытай тарихында екінші осындай оқиға болмақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG