Ирақтағы көтерілісшілер кепілдікке алынған төрт батыс азаматын бүгін өлтіреміз деп бопсалап отыр. Екі канадалық, бір америкалық және бір британиялық азамат осыдан екі апта бұрын ұрланып кеткен болатын. "Шындық қылышы" деп өзін атайтын топ АҚШ бастаған әскери бірлестік қамауда отырған барлық Ирақ азаматын босатсын деп талап қояды. Ирақтағы ислам жетекшілері кепілдікке алынғандарды босатуды сұрады. Бұл төрт батыс азаматы христиан қайырымдылық ұйымдарында істеп жүрген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Игорь Семиволоспен сұхбат
"Орталық Азия тақырыбы – Ердоғанның бір көзірі". Түркия халқын сайлаудан кейін не күтіп тұр?
AzattyqTV