Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Молдованың сепаратистік Приднестровье аймағында ертеңге белгіленген парламенттік сайлауды заңды құбылыс ретінде мойындамаймыз, бақылаушы жолдамаймыз деп мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның Молдовадағы елшісі Уильям Хилл жұма күні айтты. Ресейшіл бағыттағы Приднестровье аймағы Молдовадан Совет Одағы құлаған соң бөлініп кеткен, Приднестровье аймағы мен Молдова арасында 1992 жылы азаматтық соғыс болған. Ресей содан бері Приднестровье аймағында әскер ұстап отыр. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Ресей әскері әкетілсін деп талап қойса да, Мәскеу бұдан бас тартты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Коммунизм мұрасы
Тасаға тығылған тас мүсіндер. Қазақстандағы совет ескерткіштері
-
"Ескертусіз қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV