Accessibility links

А.Готовина – Гаага трибуналында өзіне тағылған айыптардың бірін де мойындайтын емес


ГААГА. Халықаралық Гаага трибуналы алдында бұрынғы хорват генералы Анте Готовина өзіне тағылған айыптардың бірін де мойындамайтын сияқты. Гаага трибуналында оның ісі бүгін қарала бастайды. 1991-95-інші жылдары Хорватиядағы азамат соғысы кезінде 150-дей сербті қырды жән 150-200 мыңдай сербті күштеп жер аударды деп айыпталған Анте Готовина өткен аптада Гаага трибуналынан бас сауғалап жүрген Испанияда қолға түсіп, сенбі күні Трибуналға тапсырылды. Алайда хорваттардың көпшілігі бұрынғы генералды әлі ұлт қаһарманы санайды. Кеше Хорватияның Сплит қаласында А.Готовинаға қолдау білдірген мыңдаған адам көшеде шеру өткізді.
XS
SM
MD
LG