Accessibility links

Дж.Тримбл: “Азаттық” Бюросын жабу - Өзбекстандағы онсыз да тарылған сөз бостандығына ауыр соққы болады”


ПРАГА. “Азат Еуропа” Радиосы/”Азаттық” Радиосы президетінің міндетін атқарушы Джефф Тримбл Радионың өзбек редакциясының Ташкент қаласындағы Бюросын жабу туралы Өзбекстан үкіметінің шешімін өткір сынға алды. Оның мәлімдеуінше, бұл шешім – адам құқына қарсы соққы болып табылады және Өзбекстандағы онсызда қиын жағдайға тап болған сөз бостандығына одан да зор кесірін тигізеді. Осыған дейін Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі “Азат Еуропа” Радиосы/”Азаттық” Радиосының Ташкенттегі Бюросының жұмысын оның қызметкерлерінің тиесілі тіркеу құжатары жоқ деген желеумен уақытша тоқтатқан болатын.
XS
SM
MD
LG