Accessibility links

Ауғанстандағы жер сілкінісін Үндістан астанасы да, Пәкістанның Кашмирі де сезінді


КАБУЛ. Бүгін таңертең Ауғатсанның таулы Гиндукуш өлкесінде қуатты жер сілкінісі болды. Баспасөз агенттіктерінің хабарлауынша, жерасты қозғалысының қуаты Рихтер өлшемі бойынша 6,7 баллға дейін жеткен. Ауғанстаннан келіп түскен хабарға қарағанда, жер сілкінісін тіпті Үндістан астанасы – Нью-Дели қаласының тұрғындары да сезген. Әзірше қайсыбір елді-мекенге нұқсан келгені немесе адам қазасы туралы хабар жоқ. Ауғанстанға көрші Пәкістанның өткен қазан айындағы қырғын жер сілкінісінен жапа шеккен Кашмир өлкесінің тұрғындары да қатты шошынып, үйлерінен далаға атып шықты.
XS
SM
MD
LG