Accessibility links

Шығыс Азия басқосуы ашылды


КУАЛА-ЛУМПУР. Бүгін 16 елдің басшылары шығыс Азиядағы экономикалық ынтымақтасты дамытуға бағытталған жаңа форумды ашты. Куала-Лумпурда өтіп жатқан бұл жиында Малайзия премьер-министрі Абдуллаһ Ахмад Бадауи жаңа Шығыс Азия Басқосуының құрылғандығы жөнінде жариялады.

“Келешекте ынтымақтастығымыз дамиды және күшейе түседі, бір-бірімізді түсіну дәрежеміз бұрынғыдан да жақсарады, сондықтан біз Шығыс Азия қауымдастығы шынайы құрылымға айналады деп келістік”, - деді Малайзия премьер-министрі.

Ресей президенті Владимир Путин бұл басқосуға бақылаушы ретінде қатысты. Бірақ хабарларға қарағанда, Ресейді бұл құрылымға мүше етіп алу туралы шешім қабылданбаған. Бұл саммитке Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Азия елдері қауымдастығына мүше 10 мемлекет қатысуда.
XS
SM
MD
LG