Accessibility links

Украина ТМД Бақылаушылар тобын ұятқа қалдырмайын деді


Наурыз айында өтетін Украина парламент сайлауына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Бақылау тобы шақыралатын болды. Украина сыртқы істер министрлігі ТМД Бақылаушылар тобы бейтарап емес, Украинада болған сайлауларда халықаралық талаптарды бұзды, сондықтан оларды шақырмаймыз деп өткен аптада мәлімдеген. Алайда дәл сол күні сөйлеген президент Виктор Ющенко сайлауды бақылауға кез-келген ұйымға есік ашық деген. Украина парламенті көпшілік дауыспен шешім шығарып, ТМД Бақылау тобы шақырылсын деп ұйғарды.
XS
SM
MD
LG