Оңшыл қанаттағы бұл партия жетекшілігіне басты үміткерлер бұрынғы үкімет басшысы Бенжамин Нетаньяху мен Сыртқы істер министрі Силван Шалом болып отыр. Алғашқы сатыда жеңіске жету үшін - үміткердің 40 пайыздық дауысқа ие болуы шарт. Бұл дауыс беру үдерісіне үкімет басшысы Шарон мырзаның денсаулық жағдайы көлеңке түсіргендей болды.