Accessibility links

Ташкендік заң орындары бүгін өзбекстандық оппозиция белсендісі Нодира Хидоятоваға ақша жымқырды, шетелдік валютаны жасырды, салық төлемеді деген бірқатар айыптар тақты


Хидоятова Ресей сапарынан қайтып келе жатқанда әуежайда тұтқындалды. Нодира Хидоятова «Күнсәулелі Өзбекстан» оппозициялық ұйымының белсенді мүшесі. Оған ресми үкімет мамырдың 13-індегі Әндіжан көтерілісіне қатысқан деген айып таққан. Қазан айында бұл ұйымның төрағасы Санжар Ұмаров ақша жымқырып, салық төлемеді деген айыппен абақтығы салынған болатын. Ал Нодираның әпкесі Нигора Хидоятова осы ұйымның үйлестірушісі. Сол Нигораның ері Арыпжан Айдын Қазақстанның оңтүстік ауданында желтоқсанның бас кезінде басына тиген оқтан қаза тапты.
XS
SM
MD
LG