Кофи Аннан сондай-ақ Азық-түлік үшін мұнай бағдарламасы, өзінің қызметі және ұлының Ирақтағы қайырымдылық бағдарламасы жөнінде әділ жазбаған БАҚ-дарын сынап өтті. Аннан мырза БҰҰ Бас Ассамблеясының реформа жөніндегі ұсынысын, Судандағы Дарфур аймақтық жанжалын және Демократиялық Конго мәселесін шешуде қиындықтарға кезіккендігін мойындады. Осыдан бір жыл кейін, 2006-жылдың желтоқсан айында Кофи Аннанның БҰҰ басшылығы қызметінің 2-ші 5 жылдық мерзімі аяқталады.