Осы тақырыпқа байланысты «Егемен Қазақстан» газеті «Алматы» сатылып, «Қазақстан» кейінге қалды деген тілші Асқар Тұрапбайұлының мақаласын жариялапты. Мақала авторының жазуынша оңтүстік астанадағы осы екі қонақ үйдің сатылуы мәселесі қоғамда үлкен пікірталас тудырып, бұған түрлі саяси партиялар мен депутаттар араласып, өз тараптарынан мәлімдемелер жасаған.
Ақыры Алматы қаласының көркі саналатын бұл екі қонақ үйді сату жеке аукционда жүрілетін болып шешіліп сол бойынша желтоқсанның 22-сі күні Астана қаласында өткен аукционда «Алматы» қонақ үйі 2 млрд 299 миллион 500 мың теңгеге сатылған. Оны қазақстандық «ВNA development» компаниясы сатып алған. Ал бастапқы құны 7 млрд 97 миллион 700 мың теңгеге бағаланған «Қазақстан» қонақ үйіне осы жылы ешкім қызықпады дейді ЕҚ газетінің тілшісі.
Осы тақырыпты қозғаған «Айқын» басылымы атышулы аукционның қатысушы жақтардың көңілін қалдырғаны туралы айтады. «Алматы» қонақ үйін ашық саудада ұтып, жеңімпаз атанған компания басшысының өзі тұнжырыңқы күйде болған. Ол өзін құттықтағандарға құрысын аукцион қалтамызды қағып кетті деп ренішін білдірген. «Айқынның» жазуынша аукционның қалай өтілуін бақылаған мәжіліс депутаты Аманкелді Таспихов аукцион қортындысы көңілінен шықпағанын, өйткені Алматыда тұрғын үйдің әр шаршы метрі 1150 доллар болатындығына қарамай Алматы қонақ үйінің әр шаршы метрі 900 доллардан сатылды бұл жолы ашық сауда болмады деген пікір білдірген. Ал «Айқын» газетінің тілшісі Айхан Шәріп «Қазақстан» қонақ үйі осы жолы неге сатылмады деген сұраққа жауап іздепті. Оның болжамынша біріншіден баға қымбат болған және қонақ үй ғимараты ешкімді қызықтырмаған болуы керек. Алайда, осы қонақ үйлерді сату жөніндегі үкіметтік комиссияның төрағасы, министр Владимир Школьник баға қымбат дегенмен келіспейді. «Қазақстан» қонақ үйі жылына 500 мың доллар табыс әкеледі екен. Оны 52 миллион долларға сату деген сөз осы табысымен қонақ үй өз бағасын 104 жылда әрең орындайды екен.
Осы тақырып туралы сөз қозғаған «Azamat.kz» басылымы да «Қазақстан» қонақ үйін сатып алушылардың аздығынан оны сату жөніндегі сауда келер жылы қаңтар айының 18-і күні өтілетіндігі туралы хабарлапты. Осы «Azamat.kz» басылымы жұмалық санының төртінші бетінде «Қазақ тілінің проблемасы қазақпен бірге ғана жойыла ма?» деген мақала жариялапты. Мақала авторы Бекжан Әшірбаевтың жазуынша бүгінгі күні қоғамдағы ең аянышты қалды ана тілі - қазақ тілі көріп келеді. Мысалы, Алматы қаласының әкімі И.Тасмағамбетов Алматы қазақыланбай Қазақстан қазақыланбайды деп айтып қоғамға үлкен ой салса, этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков өз немерелерінің қазақшаға көше бастағаны туралы айтып жүр. Алайда осындай бұлқыныстан туған ойлар айсбергеке соғылған Титаниктің күйін кешуде. Сол айсбергте 2 милиондай ана тілін білмейтін сақау, мәңгүрт қандастарымызда жүр деп жазады мақала авторы
«Қазақ Әдебиеті» апталығы жұмалық санында осы қазақ тілі тағдырына қатысты «Мемлекеттік қызметшілер неге қазақша оқымайды» деген мақала басыпты. Мақалада мемлекеттік қызметшілер даярлайтын Мемлекеттік қызмет академиясында бірде бір қазақ тілінде лекция оқылмайтындығын, осында білімін жетілдіруге келгендер сонау кеңес заманындағы құсап орысша тыңдап, орысша сөйлеп мәз болып жүргендері туралы айтылады. Академияда қазақша дәріс беретін оқытушылар жоқтың қасы, сондай-ақ, тиісті кітап құралдарының жетіспейтіндігі мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшіні дайындауда кедергі болып тұр дейді мақала авторы.
Мемлекеттік қызметте қазақ тіліне қатысты мәселелердің шешімі табылмаса ел басқару күрделі жағдайда қала бермек деп ой қортады газет тілшісі Ғазиз Жүніс. Ал осы тіл тағдырын «Қазақстан-Заман» басылымы да жұма күнгі санында көтеріп, қоғам қайраткері Жандар Кәрібайұылының осы мәселедегі пікірін жариялапты. Оның пікірінше бүгінгі күні мемлекеттік тілді алға қарай жүргізбей отырғандар ол билік басындағылар. Қазір түрлі деңгейдегі қызметтің тұтқасын ұстап отырғандарды үш топқа бөлуге болады екен.
Біріншісі ана тілін аялайтындар, екіншісі, ана тілін аяламайтын, мәңгүрттер ал үшіншісі, тілді жөнді білмегеніне налып, үйренуге тырысып жүргендер. Ал мемлекеттік тілге деген қажеттілікті тудырмай оны ұшпаққа шығару қиын ол үшін тілдер туралы заңды қайта қарап өзгертулер, толықтырулар енгізу керек, ең алдымен мемлекеттік тілді кісендеп тұрған 5-ші және 8-ші баптардағы мемлекеттік органдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деген сөйлемді алып тастау керек деген ұсыныс жасайды қоғам қайраткері Жандар Кәрібайұлы «Қазақстан-Заман» газетіне берген сұқбатында.