Accessibility links

Ресми Киев өзінің экономикасын құлатуды көздеп отыр деп Мәскеуді айыптайды


МӘСКЕУ-КИЕВ. Ресейдің “Газпром” компаниясы өз территориясынан өтетін газ құбырынан Украина кеше 100 млн. текше метр отын ұрлады деп айыптады. Бұл – Украинаның күнделікті импорттайтын 120 млн. текше метр газдың көлеміне пара-пар. Өз кезегінде бүгін Украинаның сыртқы істер министрлігі “экономикалық қысым мен бопсалаудың сценариі басталды. Бұл, ақыр аяғында, Украина экономикасын құлдыратуды және еуропалық тұтынушыларға Ресей газының сатылуын доғаруды мақсат етеді” деп Мәскеудің өзін айыптады.
XS
SM
MD
LG