Accessibility links

Ресейден келетін газ қысымының күрт төмендегеніне Аустрия, Польша, Словакия және Мажарстан арызданып отыр


ВЕНА. Бүгін Аустрияның газ компаниясы Ресейден Украина арқылы келіп жатқан көгілдір отын көлемінің үштен бірге азайғанын мәлімдеді. Ресейдің "Газпром" компаниясы газ бағасының күрт қымбаттауымен келіспеген Украинаға газ беруін кеше доғарды. Ресейден келетін газ қысымының төмендегенін Мажарстан мен Польша және Словакия да хабарлады. Кеше Германия канцлері А.Меркель Украина мен Ресей арасындағы “газ жанжалын” шешу үшін Киев пен Мәскеуге телефон соқты. “Біз Ресей мен Украина арасындағы бұл жанжал шешімін табады ғой деп үміттінеміз. Оған қоса, Ресей мен Украинаның өзара қарым-қатынасын ақылға салып саралайды деп сенеміз”, деп атап көрсетті А.Меркель. Ресми Киев газдың қымбаттауына қарсы емес, бірақ 1 мың текше метрдің бағасын 50 доллардан бірден 230 долларға дейін көтеруге келіспейді.
XS
SM
MD
LG