ТЕҺРАН. Егер Теһранның уранды елде байытуға деген құқы мойындалатын болса, онда Иран Ресейдің ұсынысын қарап көреді. Иран үкіметінің өкілі Ғолам Хусеин Елһам Теһранда журналистерге: “Біз Ресейдің осыған негізделген ұсынысын зерттеп жатырмыз”, деп хабарлады. Мәскеу Иранның ядролық бағдарламасы бойынша оның Еуроодақ арасындағы келіссөзін тығырықтан шығару үшін Теһранға уранды Ресей жерінде өңдеуді ұсынды. Мәскеудің пікірінше, уранды Ресейде байыту - Иранның ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта іске асырылып жатқанына халықаралық қоғамның көзін жеткізеді. Вашингтон Теһранды астыртын түрде ядролық қару жасамақшы деп айыптап, Иран оны жоққа шығарумен келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
-
Мәскеудегі сапардан соң
Қытай мен Ресейдің достығы Орталық Азияға қалай әсер етеді?
-
Сценарий бойынша
"Ақорда іріктеген депутаттар". Мәжілістің жаңа құрамынан не күтеміз?
AzattyqTV