Accessibility links

Қазақстанда салық салу жөніндегі заңдарға өзгеріс енгізетін заң күшіне енді


Қазақстанда салық салу жөніндегі заңдарға өзгеріс енгізетін заң күшіне енді. Заңға сәйкес, кәсіппен айналысатын дербес тұлғаларға және заңды тұлғалар үшін салынатын салық азайды. Бірақ, мамандардың есебіне қарағанда, бірінші жылда бюджетке 35-50 миллиард теңге түспей қалады. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, бұл шығын біртіндеп өтелуге тиіс.

Салық салу жөніндегі заңдарға өзгеріс енгізетін заң бойынша, кәсіпкерлерге арнайы салық қолдану аясы кеңейді. Алайда, кәсіпкердің тауарайналымы 15 миллион теңгеден жоғарласа, онда, мұндай кәсіпкер қосымша құн салығын төлеуге тиіс болады. Бірақ, үкімет шешімдерімен бекітілетін, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалармен жұмыс істеп жатқан кәіспкерлер қосымша құн салығынан босатылады. Ал, Астананың кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры Ольга Юдинаның айтуынша, кәсіпкерлер қосымша құн салығын азайтуды талап етіп отыр, мысалы, бір миллион табыстан 150 мың теңге сол салыққа кетеді, ал, ол ақшаға компьютер алып, дамытуға жұмсауға болады, дейді ол.

Заңға сәйкес, кәсіппен айналысатын дербес тұлғаларға салынатын салық 7 пайыздан 5 пайызға азайды. Заңды тұлғалар үшін, ол 9 пайыздан 7 пайызға кеміді. Ал, экономика ғылымдарының докторы Атамұрат Шаменнің айтуынша, Қазақстанда салық дұрыс жиналмайды:

- Бір жағынан салықты азайу керек. Бірақ, жинау мәселесін шешу керек. Өйткені, салықты босата салысымен оның бюджеттегі орны ойылып қалады. Сондықтан, салықты жеңілдете берейік дегеннен ол жақсы болады, деген түсінік дұрыс емес меніңше.

2006 жылдан басталатын жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарлама талаптарына сәйкес, лицензия, яғни, арнайы рұқсатты талап ететін кәсіп түрлеріне жеңілдіктер ескерілді. Енді, лицензия саны 40-қа дейін азайды. Мысалы, адвокат, нотариус, қойма ұстау және тағы сол сияқты кәсіп түрлеріне. Осылайша, инвестициялық климатты жақсарту көзделіп отыр. Жергілікті салық органдарында жарнама кәсібімен айналысатын дербес тұлға болып тіркелген Жансая Ысқақованың айтуынша, Қазақстанның көрші елдерінде кәсіпкерлікке деген қатынас әлдеқайда жақсы:

- Қытайдан келдім. Ол жақта жаңадан кәсіпкерлікті ашып өз-өзінің деңгейін көтергенше бізге тиспеді. Құжатта сұрамады. Аяқтарыңа тұрып алыңдар деді. Ал, қазір Қытай экономикасы өте жақсы дамып Америкаға жетіп қалды. Соның арқасында деп ойлаймын. Ал, Қазақстанда мен жаңадан аяққа тұрып келе жатырмын. Бізде кәсіпкерлердің салығы көп деп айта алмаймын - 3 пайыз төлейміз. Бірақ, оның сыртында біздің әлеуметтік салығымыз төлену керек және зейнет қорына ақша аудару керек. Мысалы мен реинвестиция жасағым келеді, сол жағынан қиындау. Бірақ, мамандардың есебіне қарағанда, заңдар жұмыс істей бастаған бірінші жылда бюджетке орта есеппен 263 миллион доллардан - 375 миллион долларға дейін түспей қалады. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, бұл шығын біртіндеп өтеледі. Өйткені, Қазақстанда салық жеңілдіктеріне орай көбейген шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс орындарын ашады, ал, әр жұмысшыға тағыда салық салынуға тиіс. Осылайша, қаржы айналымы ұлғаяды, дейді көтпеген экономистер. Астананың кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры Ольга Юдинаның айтуынша, кәсіпкер әр жұмысшыға 36 пайыз салық төлейді. Егер, оны азайтса, кәсіпкер өнімділігін жоғарлату үшін жаңа жұмыс орындарын ашады, дейді ол.

Жаңа құжат бойынша, арнайы экономикалық аймақта жұмыс істеу құқы бар кәсіп түрлері де кеңейді. Бұдан былай, тігін өнеркәсібімен айналысатын кәсіпкерлер салықты жеңілдетілген тәртіппен төлейді. Кәсіппен айналысатын дербес тұлғаларға салынатын мүлік салығының мөлшері де азайды. Осы заң бойынша, орта және шағын мұнай кен орындарын игеріп жатқан инвесторларға салық жағынан жеңілдіктер ескерілді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG