Accessibility links

Ариель Шаронның халі күрделі деген хабарға байланысты әлем елдерінің басшылары түрлі пікірлер білдірді


ПРАГА. АҚШ президенті Джордж Буш пен Британия сыртқы істер министрі Джэк Строу Шаронның денсаулығының жақсаруына тілек тілегендерін айтады. Ал Иранның бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран президенті Махмұд Ахмадинежад Израиль басшысын терроршыларға теңеп, Шаронның қаза болуын қалайды. Палестинадағы жауынгерлік “Хамас” тобы Шаронсыз Таяу Шығыстағы жағдай жақсырақ болады деді. Ресей, Франция, Германия, Норвегия, Швеция және Еуропа комисииясы басшылары да Шаронның денсаулығы тезірек жақсарсын дейді. Ал Түркия сыртқы істер министрі Абдулла Гул Ариель Шарон Израиль мен Палестинаның арасында бейбітшілік орнатуға бағытталған “батыл қадамдар” жасады деді.
XS
SM
MD
LG