ИЕРУСАЛИМ. Израиль премьер-министрі А.Шаронды емдеп жатқан дәрігерлер оның миының жұмыс істеу қабылеті біршама түзеліп, оның өміріне тікелей төнген қатер жоқтығын мәлімдеді. А.Шарон - өткен сәрсенбі күні миына қан құйылып аурухана түскен болатын. Израиль лидері жатқан Иерусалимдегі Хадасса ауруханасының директоры, профессор Шломо Мор-Йозефтің хабарлауынша, кеше А.Шаронның сол қолы қозғалды. Профессордың айтуынша, премьер-министрдің тыныс алуы, қан қысымы және миындағы қан қысымы қалпына келді.