ТАШКЕНТ. Өзбекстанда адам құқын қорғаушы Сайджахон Зайнабитдинов өткен жылдың мамыр айында Әндіжанда болған халық толқуы кезінде шеруге шыққан халық пен қауіпсіздік күштерінің қақтығысы барысын шетелдік журналистерге айтып бергені үшін сотқа берілді. Оның адам құқын қорғайтын үзеңгілестері мен туыстарының айтуынша, оған “мемлекетке жала жапты” және “мемлекетке қарсы әрекет істеді” деген айыптар тағылып отыр. Адам құқын қорғаушылар мен көзі көргендердің әңгімелері бойынша, “Әндіжан қырғыны” кезінде 13-інші мамыр күні қалада бірнеше жүз адам оққа ұшты. Ресми Ташкенттің мәлімдеуінше, Әндіжанда 187 адам қаза болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәскеудегі сапардан соң
Қытай мен Ресейдің достығы Орталық Азияға қалай әсер етеді?
-
Сценарий бойынша
"Ақорда іріктеген депутаттар". Мәжілістің жаңа құрамынан не күтеміз?
AzattyqTV