ВАШИНГТОН. Дүниежүзілік банк Түркияның “құс тұмауы” дертімен күресуіне 30 млн. долларға дейін қаржылай көмек беруге дайын. Сонымен бірге, банк өкілінің атап көрсетуінше, аталмыш дертті түрік үкіметінің өз бетінше төтеп беруіне қабылеті әзірше жетеді, бірақ болашақта ондай күреске әлдеқайда мол қаржы керек болады. “Құс тұмауының” одан әрі жайылуына жол бермеу мақсатында Түркияға көрші орналасқан Еуропа елдері сақтандырудың төтенше шараларын қабылдау үстінде. Еуропа Комиссиясы медициналық сараптама лабораториясын ашуға 2 млн. еуро қаржы бөлді. Франция мен Италия “құс тұмауының” эпидемиясына қарсы арнайы жоспар жасап қойды. Үй құстарының жаппай ауырған ошақтары Түркияның 16 ауданында тіркеліп отыр. Түркияда “құс тұмауына” адамдар да шалдығып, осы күні 3 нәресте қаза тапты, тағы 15 кісіге жұқты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?